Америкалық санитариялық компания 100-ден астам баланы қауіпті жұмысқа алған
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі компаниялардың бірі 100-ден астам баланы қауіпті жұмыстарға алған. Бұл туралы жұма күні елдің Еңбек министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.