Қазақстан ашық деректер рейтингісінде 48-орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.