Cарып ауруы адамның жүйке жүйесін зақымдайды - қызылордалық маман
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар арасында бруцеллезге шалдыққандар тіркеліп жатады. Ел ішінде сарып ауруы деп аталатын дерттің денсаулыққа тигізетін кері әсері аз емес. Зоонозды инфекцияның негізгі көзі – жануарлар. Аталған ауру түрінен сақтану жолы қандай? Бұл жөнінде Қызылорда облысы саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова ҚазАқпарат тілшісіне жан-жақты айтып берді.