Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазутты гуманитарлық көмек ретінде берді
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстанның 5 мың тонна мазутқа арналған ресми гуманитарлық көмек сертификатын Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзодаға тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.