Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қылмыстық іс қозғалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 20 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде 36 заңсыз қаржы пирамидасына тіркелген. Экономикалық тергеу департаменті өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.