Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға 45 млрд теңге жәрдемақы төленді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.