Ақпараттық қауіпсіздік мамандығы жайында
Ақпараттық технология – 21 ғасырдың жетекші бағыты. Жаңа технологиялар қазір нақты өмірдің бір бөлігіне айналды. Сондықтан IT саласындағы сапалы маман - тек прогрестің дамуына ғана емес, адамзаттың өмір салтына да әсер ете алатын құнды және сирек талант.
Ақпараттық технологиялар факультетінің негізгі міндеті – информатика саласында қолданбалы және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын және жүйелік бағдарламалаудан бастап физикаға дейінгі барлық салаларда жоғары білікті мамандарды дайындау.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Ақпараттық технологиялар” факультеті 2018 жылы ғана ашылғанына қарамастан көптеген жетістіктерімен қуантып келеді. Болашақ ұрпаққа беретін білімдері мол мамандарымен де мақтана алады. Сан алуан мамандықтарды қамтитын қоғамда үлкен сұранысқа ие факультеттердің...