Израильдік компания Қазақстанға су тұщыту жабдығын жеткізуге ниетті
ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Израильдік компания Қазақстанға, атап айтқанда Маңғыстау облысына су тұщыту жабдығын жеткізуге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.