Алаяқтар пайызсыз кредит ұсыну арқылы алдауға көшкен
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кредит ұсынатын алаяқтар Telegram-да кеңінен таралып кетті. Бұл жайында жазған Fingramota.kz медиапорталы олардың алаяқтықтың схемасы мен қорғану қағидаларын да түсіндірген. Сондай-ақ, Қазақстанда кредиттерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кредиттік ұйымдардың ғана бере алатынын еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.