Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% төмендеді. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.