Наурыз қарсаңында Мексика метросында Димаштың бейнебаяны көрсетіле бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады. Акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.