Риддер әкімдігінде қазақша сөйлеуді сұраған белсендіні полиция тінтті
Қазақ тілі мәселесін көтеріп жүрген павлодарлық блогер Диас Құзайыровтың үйін полиция тінтіп, заттарын тәркілеген. Оның және екі әріптесінің үстінен Риддер әкімдігінің төрт қызметкері арыз жазған.