Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2023

Сот құқық қорғаушылар сынаған жаңа бап бойынша Азаттыққа қарсы шағымды қарай бастады

0
Сот құқық қорғаушылар сынаған жаңа бап бойынша Азаттыққа қарсы шағымды қарай бастады

12 қазанда Алматы әкімшілік соты Әкімшілік кодекстің 456-2 бабының 1-тармағы ("Жалған ақпарат орналастыру, тарату") бойынша Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметі үстінен түсірілген арызға қатысты шағымды қарай бастады. Істе жауапкер ретінде Азаттықтың Алматы бюросының жетекшісі Қасым Аманжол деп көрсетілген. Шағым беруші – Шымкент тұрғыны Әлішер Турабаев.

Шағымданушы Атбасар колониясында азапталған Тимур Дәнебаевты Көкшетау қаласындағы изоляторға ауыстырғаны туралы орыс тіліндегі жаңалықта Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қатысты "Ресей жетекшілік ететін" деген тіркесті пайдалану дұрыс емес деп санайды. Дәнебаев 2022 жылы Қаңтар кезінде Қазақстанға ҰҚШҰ әскерінің кіргізілуін сынап, кейін 3,5 жыл түрмеге кесілген. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, апелляциялық шағым түсіргенімен үкім күшінде қалған.

Әкімшілік істі судья Рауза Әлиева қарап жатыр.

Азаттықтың адвокаты Жанғазы Күнсеркин 12 қазан күнгі сотта әкімшілік құқық бұзушылық болмағандықтан сот өндірісін тоқтату туралы өтініш берді. Ол сонымен бірге лингвистикалық сараптама тағайындауды да өтінді.

Сот өтініштерді ашық қалдырып, сот отырысын 20 қазан сағат 11-ге белгіледі.

1992 жылы Мәскеу бастамасымен құрылған ҰҚШҰ-ға Қазақстан және Ресеймен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мүше. ҰҚШҰ-ның бірлескен штабының жетекшісі – Ресей Федерациясының әскери маманы, генерал-полковник Анатолий Сидоров. ҰҚШҰ-ның қазіргі бас хатшысы – Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов. Ұйымның штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан.

2022 жылы қаңтардың басында Қазақстан қалаларындағы наразылық акциялары кейбір қалаларда тәртіпсіздікке ұласып, 200-ден астам адам қаза болған. Сол кезде Ақорданың өтінішімен ҰҚШҰ Қазақстанға әскерін кіргізген. Сарапшылар ұйым құрылғалы бері ҰҚШҰ күші алғаш рет пайдаланылып отырғанын айтқан.

Биыл Әкімшілік кодекске енгізілген 456-2 бапты ("Жалған ақпарат орналастыру, тарату") құқық қорғаушылар "жұмсақ" цензура құралы деп атаған. Қазақстанның медиа кеңістігінде Азаттық – осы баппен жауапқа тартылып отырған алғашқы ақпарат құралы.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Орталық Азия, Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыста 27 елден хабар тарататын тәуелсіз халықаралық ұйым. АҚШ конгресі қаржыландыратын Азаттық үкіметтер мен саяси топтардан тәуелсіз, оның редакциялық саясатына ешкім араласа алмайды. Азат Еуропа/Азаттық радиосының миссиясы сөз бостандығы шектелген елдерден цензураға ұшырамаған ақпарат тарату арқылы демократия құндылықтары мен институттарын алға жылжыту. Азаттықтың Қазақ қызметі 1953 жылы құрылған, 2008 жылы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратын веб-сайты ашылды.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Число пользователей портала «Малый бизнес Москвы» превысило 200 тысяч





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» легально изготавливает армии и спецслужбы. 6 серия. СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Число пользователей портала «Малый бизнес Москвы» превысило 200 тысяч



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Долина, Бутман и его оркестр представили Россию на Akra Jazz Festival в Турции




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)


Виктория Азаренко

Андреева назвала важнейшей в карьере победу над Азаренко на "Ролан Гаррос-2024"



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России