Қазақстанда босқын мәртебесін алудың машақаты
Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған шетелдік азаматтар үкімет шенеуніктері өтініш иесінен өз елінде қудаланып, қысым көргенін құжат жүзінде дәлелдеуді қисынсыз талап етеді деп наразы. Ресми орындар заң солай жазылғанын алға тартады. Құқық қорғаушы болса мемлекет босқын мәртебесін беруді гуманистік шара емес, саяси қадам деп қарастыратынын айтады.