Өскемен тұрғыны қала әкімін Жоғарғы сотта жеңді. Енді "радиация аймағы" зерттеледі
Өскемендік эко белсенді, заңгер Алексей Божков уран қалдықтары төгілген аумақты анықтап, халықты сақтандыруды талап етіп жүр. Бірақ қалалық сот та, облыстық сот та оның арызын мақұлдамаған. Екі жылға созылған сот процесінде Алексей ақыры жеңіске жетті: Жоғарғы сот қала әкімін "радиация бар аймақты" зерттеуге міндеттеді.