Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2023

Тоқаев бас прокурордың орынбасары мен активтерді қайтару жөніндегі комитет жетекшісін тағайындады

0
Тоқаев бас прокурордың орынбасары мен активтерді қайтару жөніндегі комитет жетекшісін тағайындады

Ғалымжан Қойгелдиев – бас прокурордың орынбасары, Нұрдәулет Сүйіндіков бас прокуратурадағы активтерді қайтару жөніндегі комитет жетекшісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде 21 қазанда Ақорда хабарлады.  

Жамбыл облысында туған 43 жастағы Ғалымжан Қойгелдиев бұған дейін бас прокуратура аппаратының жетекшісі болған, халықаралық әріптестік департаментіне жетекшілік еткен. Бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігінде – Қазақстанның Моңғолия және Пәкістандағы елшіліктерінде қызмет атқарған. 

Қойгелдиев бір ай бұрын қызметінен босатылған Ұлан Байжановтың орнын басты. Осыған дейін зерттеушілер Байжановтың Францияда Женева өзенінің жағасында 220 шаршы метрлік вилласы барын анықтаған. Ал Байжанов елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары болған. Зерттеу жарияланғаннан кейін ол журналистерге "20 жыл бойы айналысқан бизнесінің арқасында сондай баспана алғанын" айтқан. 

42 жастағы Нұрдәулет Сүйіндіков прокуратура органдарында 2000-жылдардан бері қызмет атқарып келеді. Сүйіндіков прокуратурадағы карьерасын туған жері Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысынан бастаған. Ресми өмірбаянына сүйенсек, 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда істеген, кейінгі екі жылда қорғаныс министрінің кеңесшісі болған. Одан кейін прокуратураға оралып, бас прокуратураның стратегиялық даму департаментіне жетекшілік еткен. Одан кейін халықаралық құқықтық қызметінің бастығы болған. 

Сүйіндіков басқаратын комитет биыл 5 қазанда "Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы" жаңа заңға сәйкес, президент жарлығымен құрылған. Комитеттің міндеті активтерді іздеу мен қайтару, осы салада халықаралық-құқықтық әріптестікті дамыту, сонымен бірге "активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою".

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсында байыған "кейбір адамдар" туралы айтқан. Ол Қазақстанның байлығының жартысы 162 адамның қолында екенін атап өткен. Былтыр қарашада кезектен тыс президент сайлауынан кейін ол инаугурация рәсімі кезінде елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша заң әзірленетінін мәлімдеген. Сонымен айналысатын уәкілетті орган құрылатынын да алға тартқан. 

Биыл сәуір айында Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары мәлімдемесінде Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған. Қордың сарапшылары активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында "тиісуге болмайтын" адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, "заңмен құқығы мүлде шектелмеген" көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан.

Ал билік ол заңның мақсаты "заңсыз активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру" деп түсіндірген.





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о работе сервиса «Вместе с культурой»





Москва

Национальный конгресс по регенеративной медицине впервые пройдет в Санкт-Петербурге: ученые и врачи обсудят достижения и перспективы развития регенеративной биомедицины


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о ходе строительства Троицкой линии метро



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Концерт

Концерт в честь 90-летия Евгения Крылатова пройдёт в Кремлёвском дворце




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Звезды спорта. Кто они такие и почему их так называют?

Искусство продвинутого анализа в спортивном прогнозировании

Полезные приложения для поклонников спортивной ходьбы


WTA

Потапова проиграла Остапенко во втором круге турнира WTA 1000



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Архангельск

Наталью Круглову назначили на должность псковского городского судьи



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России