Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2023

Костенко шахтасындағы апат: 33 адамның денесі табылды, 13 кенші іздестіріліп жатыр

0
Костенко шахтасындағы апат: 33 адамның денесі табылды, 13 кенші іздестіріліп жатыр

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған апаттан кемінде 33 кенші қаза болған. Қалған 13 адам іздестіріліп жатыр. Олардың тірі қалу мүмкіндігі өте аз. 28 қазанда кешке Қарағандыдағы брифинг кезінде осындай мәлімдеме жасалды. 

Брифингке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынан ешкім қатыспады. Тек билік өкілдері болды. 

Апат 28 қазанға қараған түні болған, жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. 20 адамға медициналық көмек көрсетілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған. 

Спикерлердің сөзінше, газ-ауа қоспасы жарылғандықтан осынша көп адам өлген. Шахтада позициялау жүйесі орнатылмағаны, төтенше жағдай кезінде оның жоғы анықталған.

- Әуелі жұмыс орнынан өрт шығып, адамдарға эвакуация жөнінде хабар беріле бастаған. 7-8 минуттан кейін жарылыс болды. Жарылыс қуатты болғаны соншалықты соққы толқыны екі шақырымнан астам аумаққа жеткен. Өрт ошақтары да болды. Бес адам құтқарылды, өкінішке қарай, қалған кеншілерге көмектесе алмадық. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, бар күшті 13 кеншіні іздеуге жұмсап жатырмыз , олардың орны анықталған, - деді "Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының Қарағанды бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский.

Қазір үкімет комиссиясы оқиғаның себеп-салдарын анықтауға тырысып жатқаны хабарланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сенбі күні ол Қарағандыға барып, кеншілердің туыстарымен кездесіп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Ол үкіметке "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған. 

Қайғылы оқиға "АрселорМиттал Теміртаудың" өзге шахтасы – "Қазақстандағы" ірі апаттан кейін 2,5 айдан соң болып отыр. Тамыз айында онда 5 жұмысшы опат болған. Былтыр қарашада Ленин шахтасындағы апат бес адамның өмірін қиған. Ал оның алдында жарты жыл бұрын Теміртаудағы металлургия комбинатында конструкция опырылып түсіп, 4 адамды мерт қылған.

Арғы тегі үнді британдық миллиардер Лакшми Митталға қарайтын "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 90-жылдардағы жекешелендіру кезінде алған ірі активтер - Қарағанды көмір бассейніндегі сегіз шахта, совет кезінде салынған металлургия комбинаты мен тау-кен байыту фабрикасы және Теміртаудағы инфрақұрылым нысандарына иелік етеді.

Ресми мәлімет бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында кейінгі 15 жылда 120-ден астам адам опат болған.

Костенко атындағы шахтада 1400-ден астам адам істейді.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Новый корпус больницы святого Владимира планируется открыть в 2025 году





Москва

Два дня, наполненных театром, музыкой, книгами и наукой, — в Парке Горького во 2-й раз прошел Московский детский фестиваль искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин открыл пешеходную галерею между станциями метро и МЦД-4 Кутузовская



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Элджей

Рэпер Элджей стал зарабатывать меньше в восемь раз




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Баскетболисты из Лобни завоевали золото на турнире Moscow Open

Среди сотрудников уголовно-исполнительной системы Республики Дагестан определили лучшего гроссмейстера

В филиалах АО "Желдорреммаш" прошли мероприятия ко Дню защиты детей


Анастасия Потапова

Ролан Гаррос. Расписание 2 июня. Потапова и Швентек сыграют первым запуском, Синнер – последним



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Минфин РФ предлагает новые налоговые надбавки для добычи золота и драгоценных камней



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России