Ұлт азығы: қазақстандықтар не ішіп, не жейді?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегі бойынша халық денсаулығы 20% – тұқым қуалайтын кеселдерге, 20% – әлеуметтік жағдайға, 10% – денсаулық сақтау деңгейіне, 50% – әр адамның өмір сүру салтына байланысты болады. Салауатты өмір салтына өнімді еңбек, биологиялық ритм мен тәуліктік режимді сақтау, жеке бастың тазалығы, ең бастысы – тамақтану мен қимыл-қозғалыс кіреді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда халықтың 34,2%-ы спортпен айналысқан, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 31,6% болған. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде жалпы алғанда 23,2% адам салауатты өмір салтын ұстанады деп есептейді.
Ал біздің халық не ішіп, не жейді? Әйгілі халықаралық нарықтық зерттеулер агенттігі...