Көкшетауда заңсыз салынған айыппұлдар анықталды
Көкшетау көлік прокуратурасымен көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның қызметіне талдау нәтижелері бойынша әкімшілік істерді қарау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғандығы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік прокуратурасы көлік құралдарының көлемін өлшеу кезінде қателіктердің дұрыс есептелмегенін анықтады. Бұл өз кезегінде, әкімшілік істер бойынша қабылданған шешімдердің күшін жоюға әкелді.
"Мәселен, "Челябинск-Қостанай-Алматы" автожолының №41348472 (Атбасар қ. жанында) 1007 км өлшегіш құралына сараптама және сертификаттау орталығы тексеру туралы сертификат берді, оған сәйкес ол жарамды деп танылып жол төсемінің III сыныбы бойынша 4% қателік шегімен сәйкестік дәрежесін қолдануға рұқсат етілген. Ал аталған кластағы автожолдар бойынша жабдықтың техникалық паспорты бойынша қателікті есептеу кезінде 14% мәні қолданылады. Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ақмола облысының Көліктік бақылау инспекциясының кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге айыппұл салған әкімшілік құқық бұзушылықтарға тарту туралы 7 қаулысы заңсыз деп танылды", - делінген хабарламада.
Қазір көлік прокурорлары бұл жұмыстарды басқа да өңірлерде жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!