Республика күні:Тәуелсіздік пен бірліктің символы
Дулатова Айдана
ҚазҰУ-нің "Механика-математика" факультетінің 1 курс студенті
Жетекшісі Л.М.Хасанаева
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН БІРЛІКТІҢ СИМВОЛЫ
Бүгін міне қазан айының 25-ші жұлдызы. Яғни Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған Республика күні. Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. Көптеген мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарында Республика күніне іс-шаралар өткізіліп, ел туралы, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалады. Концерттік қойылымдар қойылады. Бұл күн расында да тарихқа алтын әріптермен жазылған, Қазақстан Республикасы болып танылған күн.
1990 жылдан бері мінеки арада қаншама жыл өтіп, еліміздің еңсесі көтерілді, өзінің шекарасы бар,...