Тәуелсіз Қазақстан
Будайбекова Жанерке
ҚазҰУнің "Механика-математика" факультетінің 1 курс студенті
Жетекшісі Л.М.Хасанаева
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Сан ғасыр қазақ халқының асыл мұраты болған тәуелсіздікке қол жеткізу барысында көптеген кезеңдерді, қасіреттер мен қиындықтарды басынан өткерді. Бүгінгі егемен еліміз еңселі бейнесі – ерен еңбек пен нар тұлғалы ерлеріміздің жемісті жеңісінің, ұлтымыздың зиялы тұлғаларының «Алаш» деп ұрандаған ұмтылысының, желтоқсанның аязды ызғарына қарамай тәуелсіздікке ұмтылған жалынды жастардың қаны мен терінің өтеуі деп айтсам қателеспеймін.
Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жетерлік. Бүгінде 19 миллионға жуық халқы бар көпұлтты, экономикалық әлеуеті серпінді дамып келе жатқан Қазақстан «"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға, қоғам алдында жауапты...