Тоқаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады
Ержан Ыбыраев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Президент қол қойған Жарлықта.
"Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев қызметінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!