Оқушылардың 64% қазақ тілінде оқыған мәтінді түсінбейді – Рауан Кенжеханұлы
Жақын арада Тіл саясатын дамытудың 6 жылдық тұжырымдамасы бекітілді. Жоспар бойынша атқарылуы тис іс аз емес. Оны орындауға Үкімет іркілмей, дереу кірісуге даяр екенін де мәлім етті. Алайда, тіл мәселесі тек бір тұжырымдамамен шешіледі дей салу көңілге қонбайды. Сондықтан мамандар болашақта қазақ тілі ғылым, ілім тіліне айналуы үшін қоғам болып қозғалыс жасау маңызды деген пікірде.