Қазақстан мен Ресейдің даму жолдарын өз бетінше әрі дербес таңдауы қос тарапқа кедергі келтірмейді – Тоқаев
Қазақстан мен Ресейдің даму жолдарын өз бетінше әрі дербес таңдауы қос тарапқа кедергі келтірмейді. Бұл туралы Ақордада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.