Костенко шахтасында қаза тапқан 42 кеншінің туыстары марқұмдарды жерлеуге материалдық көмек алды
Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 42 отбасы жерлеуге материалдық қолдау алды және 41 отбасына 10 жылдық жалақы төленді. Қалғандары бойынша әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.