Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өзімізді жайлы сезінеміз — ақтөбелік қариялар
Ақтөбе қаласы бойынша алты мекенжайда белсенді өмір сүру орталығы жұмыс істеп тұр. Мемлекеттен қаржыландырылатын орталық зейнетке шыққан ақтөбеліктердің спорт, өнермен шұғылданып, уақытты тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Kazinform тілшісі біріне барып, әжелермен сөйлесіп келді.