Қазақстанның ақшасы: ұлттық валютаның тарихы
Мақала Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің 30 жылдығына арналған.
15 қараша Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналымға енген күн.
Биыл теңгеге — 30 жыл.
1993 жылдың 12 қарашасында «ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлық шықты. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. 1997 жылдан бері Ұлттық валюта — теңге күні атап өтіледі.
Мемлекеттің ақша айналысының тарихы оның экономикалық және мәдени дамуының ерекшеліктерін ашады. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Дегенмен, бұл кезеңге дейінгі тарихи жол бірнеше мың жылдарға созылды.
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады....