Алматыда бір аптада 22 308 адам ЖРВИ жұқтырған
Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен аптада 22 308 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырса, тұмаудың расталған 2 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.