Жетісу облысының Сарқан ауданында жаңа мектеп ашылды
Жетісу облысының Сарқан ауданында жаңа мектеп қолданысқа берілді. 120 орындық жаңа мектептің жанында 25 балаға арналған шағын орталық та бар. Бұған дейін ескі ғимаратта қысылып оқып келген Бірлік ауылының балалары лайықты білім алуға жасалған мүмкіндікке дән риза, деп хабарлайды Kazinform.