Ақтоты Райымқұлова — Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы, DBA, профессор, композитор Ақтоты Райымқұлова 2023 жылғы 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті отырысында Түркі мемлекеттері елдерінің Мемлекет басшылары қабылдаған шешімге сәйкес Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Kazinform агенттігі qazaqconcert.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.