ҚАЗАҚ БАҚСЫЛАРЫНЫҢ РӘСІМДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АСПАПТАР
Бақсы-балгерлер халық арасында ырымдарды, әдет-ғұрыптарды уағыздаушы және орнықтырушы болған.
Әулие деп қазақы ұғымда ерекше қасиеттерібар және тылсым күшті бағындырып, небіртаңғажайып істерді жасауымен халықсеніміне ие болған, діни және пәни білімдіжетік меңгерген ғұлама адамдарды айтады. Діни түсінікте жаратушының досы, сүйіктісісаналады. Олар дұғамен не басқа да амалдармен түрлі ауруларға дауа дарытқан, болашақты болжаған, қауым арасында руханитәрбие жұмыстарын жүргізген.
Бақсы-балгерлер халық арасындаырымдарды, әдет-ғұрыптарды уағыздаушыжәне орнықтырушы болған. Жақсылыққабағыштайтын, жамандыққа ұрындыратынырымдарды жұрттың санасына сiңiрiп, халықты оның жақсысын мұқият сақтап, жаманынан жиренiп қашып жүругешақырған. Қазақ халқының арасындашамандықтың жалғасы ретiнде бақсылар ХХ ғасырда да болған. Олар қобыз (ыспалы), асатаяқ, дабыл, даңғыра (ұрмалы) аспаптарынқолданған.
Бақсылардың қобыз аспабына үйiрсектiгiбекерден бекер емес, олар оның құпия сырынжақсы бiлген. Жылқының қылынантартылған шегiнiң қобыз үнiне беретiн ащыдыбысы мистикалық құпия сыр шертсе, ал сәл-пәл бәсеңсiген үн тылсымынан ертегiдегiқиял-ғажайып бейнелердi елестеткендейболады. Олар қобыздың iшiне айна орнатып, құлағына бiр шоқ үкi тағып әсемдеген. Қараңғы киiз үй iшiнде айна ошақтағы отпеншағылысып қызғылт алау шашыратады, қобыз сан -қилы дыбыс құдiретiмен өзiнiңкүйiн төгедi, үкi қауырсындары үлпiлдейдiрiлдеп, қобызға қосыла бебеулегендей әсерқалдырады. Мiне, осының барлығы дiмкәсадамға үлкен психологиялық ықпал еткен. А. Левшин еңбектерiнде “…бақсы, қобыздың еңжоғарғы не ең төменгi дыбыстарынқолданады. Төмендегi сүйкiмсiз тұрпайы не жоғарғы өткiр ащы дыбыс емделушiге үлкенпсихологиялық әсер еткенiн” – атап көрсетедi.
https://www.kaznu.kz