Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі
«Философия және саясаттану» факультеті
«Дінтану» мамандығының 4 курс студенті
Рахимжан Меруерт Нұржанқызы
Ғылыми жетекшісі: Тунгатова Ұ.А
www.kaznu.kz
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тынығуға, емделуге, альпинизммен, тау шаңғысы спортымен, аңшылықпен айналысуға өте қолайлы. Бүгінде туризм - Оңтүстік Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Облыста 802 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 530-ы арехологиялық, 44-і тарихи, 228-і сәулет өнерінің ескерткіштері. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандық телімі оның батысынан шығысына қарай жүргенде Шаштан (қазіргі Ташкент) Тұрбат өткелі арқылы Испиджабқа, Сайрамға апарады. Көне қаланың атауы күні бүгінге дейін...