Жоғары оқу орындарындағы дінтанулық білім қалыптасуы
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
«Дінтану» мамандығының
4 курс студенті Кутлымуратова Ж.М
Жетекші аға оқытушы Тунгатова.У.А
https://www.kaznu.kz
Жоғары оқу орындарындағы дінтанулық білім қалыптасуы
Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған үрдістердің бірі дінтану мамандарын даярлау болып табылады. Еліміздегі дінтану мамандары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде даярланады.
Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазір дінтану бакалаврларын еліміздегі Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия ғылымдары және дінтану кафедрасы, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Философия және мәдениет теориясы кафедрасы, «Нұр-Мүбарак»...