Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

Мемлекет басшысы Саясат Нұрбекті қабылдады

0

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап.  Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды. Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура […]

Сообщение Мемлекет басшысы Саясат Нұрбекті қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды.

Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейді.

Жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысы туралы мәлімет берілді.

Министрлік цифрлық университет моделін әзірлеп жатыр. Студенттер Coursera жаһандық онлайн білім беру платформасында оқу мүмкіндігіне ие болды. Қазірдің өзінде 40 мыңы сертификат алды. Платформадағы 100 негізгі курсты қазақ тілінде оқуға болады.

Мемлекет басшысына Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ілгерілеп келе жатқаны туралы баяндалды. QS рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіреді.

Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны сегізге жетеді. Халықаралық компаниялармен бірлесіп, жасанды интеллект саласында кадр даярлау ісі басталды.

«Мамандығым – болашағым» жобасы аясында өңірлерде кадр қажеттілігіне форсайт-зерттеу жүргізу үшін жобалық кеңселер ашылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәлімет бойынша Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі күшейіп келеді. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын бастады.

Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 миллиард теңгені құрады.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары тазалығы 99,5 пайыз мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапты.

Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы білім беру деңгейін арттыру, инновацияларды ынталандыру және ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту, сондай-ақ студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сообщение Мемлекет басшысы Саясат Нұрбекті қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Трасса Солнцево — Бутово — Варшавское шоссе будет готова в 2026 году





Москва

В Маньжурии открывается российско-китайский ночной клуб Felicity Port


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Элджей

Члены «Русской общины» хотят отменить концерт Элджея в Новосибирске




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня

В новой Москве соревновались нештатные формирования


Ролан Гаррос

"Ролан Гаррос" стартовал в Париже



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


ATP

Российский теннисист Сафиуллин опустился на две позиции в рейтинге ATP



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России