ТИК-ТОК ЖЕЛІСІНДЕГІ ТӘҢІРШІЛДЕР
Соңғы жылдары ақпараттық майдан даласында төл дінімізге қайтып, қазақшылығымызды жоғалтып алмауымыз керек деген жалынды ұрандар тарала бастады. Ол сөздердің астарында хейтерлік бейнеде ислам дініне тіл тигізіп, Мұхаммед пайғамбарды боқтамаған жері қалмады.
Тик-ток соңғы 5 жылда жылдам дамып адамдардың өміріне қарқынды кірген әлеуметтік желі. Тик-ток желісінде тікелей эфир ашып мәжіліс жасайтындар көбейген болатын. Осындай тікелей эфирлерде заты қазақ, бірақ құндылықтары мүлдем қазаққа сай емес дүниелермен айналысатындар шықты. Жарайды қазақ болмаса да, адамзат баласына ортақ құндылық болып саналатын қарапайым заттарға да сай келмейді. Қазақ аруақты қадірлейді құрметтейді дегенімен өзге жұрттың дүниеден кеткен адамын жатып алып боқтау барып тұрған надансыздық.
Тәңіршілдер деген кімдер? Тәңір сөзі жалпы қазақ үшін қастерлі сөз. Жыраулар поэзиясын оқып қарайтын болсақ ол жердегі Тәңір Құдай Алла сөздері қарапайым тұрмыстық өмірде қатар қоладыналатын көреміз. Сонда тәңіршіл деген Тәңір құдайына табынатын адам...