Пысық-Мысық (ертегі-қойылым)
Мектеп сахнасына арналған шағын қойылым-ертегі
Автор:
Ерте-ерте-ертеде,
Көкорай шалғын өлкеде.
Ақылды әрі пысық,
Өмір сүріпті мысық.
Бірде ерте тұрып, беті-қолын жуып, сиыр сауып, сүт ұйытып жүрген мысыққа алып-ұшып қоян келіпті. Келе сала былай депті:
Қоян:
— Сәлем Пысық-Мысық! Маған шұғыл көмегің қажет? Кешке тойға бармақшы едім. Мына матадан әдемі көйлек тігіп берші?
Мысық:
— Сәлем сәнгер қоян! Қазір, өлшеміңді алайын.
(Қоянның иығын, арқасын, белін өлшеп алып, дереу көйлек тігіп береді.)
— Көп рақмет, Пысық-Мысық! Бағасы қанша болды?
Мысық:
— Негізі жеті мыңға тігем. Саған алты мың болсын.
Қоян:
— Маған жеңілдік қажет емес. Жеті мың төлейін. Рақмет саған Мысық дос! Әдемі мата...