Инста-Әже (Көрініс)
Мектеп сахнасына арналған шағын қойылым.
(Сахнада әжесі кесте тігіп отырады. Даладан жүгіріп келген немересі, мойнынан құшақтап, еркелейді)
Немересі:
— Әже, ақ әжем, әжетайым!
Әжесі:
— Келген кім екен? Осы үйде тәтті қошақан бар еді, сол қыз ба екен әжесіне еркелеп жатқан?
Немересі:
— Әже, не істеп отырсыз?
Әжесі:
— Қошақанның жасауын жасап отырмын.
Немересі:
— «Жасау» деген не, әже?
Әжесі:
— «Жасау» деген — ұзатылған қыздың соңынан...