СҚО архиві Алаш қайраткерлеріне қатысты тың құжаттармен толықты – Сәуле Мәлікова
Биыл Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толды. Архив пен тарих – егіз ұғым, мекеме қызметкерлері елдің құнды қазынасын шашау шығармай сақтап, жылдан жылға молайтып, зерттеп, оны іске жаратып жатыр. Сәуле Зейноллақызы басқарған соңғы 20 жыл ішінде обыстық архив көптеген зерттеуге негіз болды, ондаған ғылыми еңбек жарыққа шықты. Kazinform тілшісі осы бір «инемен құдық қазғандай» істің басы-қасында жүрген тарих ғылымдарының кандидаты, Құрмет орденінің иегері Сәуле Мәліковамен сұхбаттасты.