Атырау театры бірінші республикалық театрлар фестивалінің бас жүлдесін иеленді
Атырауда дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына орай бірінші республикалық театрлар фестивалі қорытындыланды. Бір аптаға созылған фестивальдің бас жүлдесін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры иеленді, деп хабарлайды Kazinform.