Қарағандыда күшті жел электр сымдарын үзіп, үйлердің шатырларын жұлып кетіп жатыр
Қарағандының коммуналдық қызметтерінің авариялық бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қалада қатты желдің салдарынан шатырлар ұшып, электр сымдары үзіліп жатыр. Бірнеше аудан электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.