Астанада қатты желден Mega SilkWay сауда орталығының қоршауы әйелдің үстіне құлады
Астанада Mega SilkWay сауда орталығы жанында қатты желдің екпінінен қоршау құлады. Салдарынан бір әйел №2 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.