Қазақстандағы әлеуметтік қолдаудың дамуы: сын-қатерлерден инновацияларға
Мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі – өркениетті қоғамның дамуының ажырамас бөлігі. Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету өзінің қоғамын нығайтуға және әділдікке қол жеткізуге ұмтылатын елдер үшін негізгі өлшемшарт. «Әлеуметтік мемлекет» және «әділ мемлекет» ұғымдары азаматтарға лайықты өмір сүру үшін қажетті нәрсенің бәрін беру міндеттемесін қамтиды.