Мектепке дейінгі білім беру саласында өзгеріс көп – Наталья Жұмаділдаева
Мектепке дейінгі білім беру саласында тың өзгерістер көп. Әсіресе, Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне қатысты тапсырмасы бұл саланың дамуына жаңа серпін бергендей. Өңірлерде балабақшалардың көптеп салынуы, орын тапшылығын жою, балабақша кезегін автоматтандыру, тәрбиешілерді әлеуметтік қолдау, тәрбие беру ісіндегі жаңашылдық – бұл бүгінгі жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың жемісі. ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы бірінші вице-министр Наталья Жұмаділдаева сұхбат құрған болатынбыз.