Иманғали Тасмағанбетов Минскіде ҰҚШҰ қызметінің қорытындысы туралы баяндайды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов 23 қарашада Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында ұйым қызметінің қорытындысы туралы баяндама жасайды. Kazinform-ның Қырғызстандағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, сессия жұмысына қатысатын ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының қатарында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бар.