Араб елдері СІМ басшылары Газадағы ахуалды талқылау үшін Ресейге барды
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд бастаған ислам және араб елдері СІМ басшылары Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін Ресейге сапарлады. Бұл туралы Сауд Арабиясы сыртқысаясат ведомствосының X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми аккуантында мәлім етілді, деп хабарлайды Кazinform.