Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушымын деп таныстырған
25 қарашада республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында Тобыл қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Мерседес» көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру кезінде 34 жастағы жүргізушінің 2017 жылдан бері көлік жүргізу құқығына құжаты болмағаны анықталды. Оның үстіне жүргізуші мас болған, деп хабарлайды Kazinform Poliia.kz-ке сілтеме жасап.