Ұлыбританияда қарызға белшеден батқандар көбейді
Ұлыбританияда өткен жылы 4 миллионға жуық адам кедейшіліктің қамытын киген. Олардың 1 миллионға жуығы — бала. Биыл да бұл жағдай жалғасып жатыр. 16 миллионнан астам тұрғын комуналдық төлемді кешіктіріп, несие мен тұрғын үй салығын төлей алмай қиналуда. Олардың 2 миллионы мұндай жағдайға бірінші рет тап болған, деп хабарлайды Kazinform.