Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

Таласта ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды

0

Талас ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады. «Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі […]

Сообщение Таласта ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Талас ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.

«Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі даусыз.
Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы нәтижесінде ауданның өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасып, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.
Ауданда 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 18,4 млрд. теңгені құрады.
Оның ішінде: мал шаруашылығында 12,3 млрд. теңгенің өнімдері және өсімдік шаруашылығында 6,1 млн.теңгенінің өнімдері өндірілді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,2 мың гектарға жетті.
Мал шаруашылығында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде салада өндірілген ет өнімдері — 1,3%-ға, сүт өнімдері — 1,6%-ға ұлғайды.
Ауданда бүгінгі күні даму жоспары аясында 108,9 млн. теңгеге 12 кіші инвестициялық жобалар іске қосылып, тұрақты 22 жұмыс орны құрылды. Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына, қомақты үлес қосып келесiздер.
Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз қашан да үлкен құрметке лайық!» — деді аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы.

Жиын аясында бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен, сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, мәслихат төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Салада қажырлы еңбек еткен азаматтарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік шара таластық өнерпаздардың концертіне ұласты.

Қаратау қаласының Батырлар алаңында «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша алынған ауылшаруашылығы техникаларының (трактор) көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кету керек ауданның агросаладағы жетістіктері баршылық. Биыл 5 шаруа қожалық 290 гектар егістікке тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін енгізген. Өткен жылы 77,0 миллион теңгеге жаңбырлатып суару құрал жабдығы мен сусорғысын сатып алған Бостандық ауылдық округіндегі «Нұр — Дәулет» шаруа қожалығы инновациялық агротехниканы пайдалану арқылы 80 гектар шабындық алқапқа көпжылдық шөп еккен. «Зерхат» шаруа қожалығы құны 100 миллион теңгеге тамшылатып суару технологиясын орнатып, 100 гектар жерден жақсы өнім алды. Бұған қоса, аталған округтегі «Демеш», «Ошақбай» шаруа қожалықтары суды үнемдеу технологиясын қолданып қызылша, жүгері, картоп сияқты бақша дақылдарын егіп, өнімдерін жинады. Көктем айларындағы егін егу науқанында аудан диқандары 4833 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, мақсары, күнбағыс, қант қызылшасы, картоп сияқты ауылшаруашылығы дақылдары мен көпжылдық шөп егіп күзде орғанын кәдеге жаратқан болатын. Дала төсін дүбірге толтырған еселі еңбек пен ала жаздай төккен тердің арқасында шаруалар күздік бидайдың гектарына 7,0 центнерден өнім алса, жаздық арпаның гектарына 6,0 центнерден түсім жинады. Жер жайын жетік білетін өңір диқандары бұдан бөлек 2860 тонна картоп, 8400 тонна бақша өнімдері, 212 гектар алқаптан 4918 тонна көкөніс, 2400 тонна қант қызылшасы, 2139 дәндік жүгері, 800 гектарға орналастырылған майлы дақылдардан 424 тонна өнім алып ел экономикасын еселеуге айтарлықтай үлес қосып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіпті дамытуға бағытталған жұмыстар ауданда нәтижелі іске асып, осы жылдың тоғыз айында 16 миллиард 307 миллион 200 мың теңге ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп отыр. Асыраушы саланы ілгерлетуге бағытталған «Кең дала» несиелік бағдарламасы бойынша «Жаңалық» шаруақожалығы 3,7 млн. теңге, «Демеш» шаруақожалығы 12,01 млн. теңге несие алып егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламалар ауданда табысты жүзеге асып осы жылы 65 ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Осы техникалардың егін орағына 14 комбайн, 18 автомашина және тағы басқа да ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Күзгі жиын – терім жұмыстарын аяқтаған егіншілер алдағы жылдың өнімі үшін дайындалған 4500 гектар жерге күздік бидай тұқымын сеуіп, көктемгі науқанға ерте қамданды. Су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп тұрған шақта ауданның агросекторын тұралатпай, инновациялық тәсілдерді пайдалану арқылы суды үнемдеу технологияларын белсенді ендіруді мақсат тұтқан шаруақожалық иелері бұл бағыттағы жұмыстарды бастап та кетті.

Сообщение Таласта ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Столичный мэр реорганизовал управы в ТиНАО





Москва

Стоматолог Татьяна Сумцова: какие зубные пасты вредны для зубов


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Московскому метрополитену исполнилось 89 лет



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Игорь Бутман об Ирине Отиевой: “Жаль, что человека нету”




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Полезные приложения для поклонников спортивной ходьбы

В Подмосковье сотрудники ОМОН «Русич» Росгвардии приняли участие в церемонии открытия соревнований по дзюдо среди детей и подростков

Стартовал финальный этап всероссийского футбольного турнира «Будущее зависит от тебя»


Ига Свёнтек

Свёнтек высказалась об акции протеста экоактивистов, выбежавших на корты Рима



Новости Крыма на Sevpoisk.ru