Маңғыстауда мыңнан аса адам қызылшамен ауырған
Маңғыстау облысында биыл қызылша ауруына 2 мыңнан аса күдікті жағдай тіркелді. Оның ішінде 1096 жағдай дәлелденген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.