Жеңімпаз Жәмила
Мектеп сахнасына арналған ертегі-қойылым.
Жеңімпаз Жәмила
1-Автор:
— Алматы деген шаһарда, Жәмила деген қыз өмір сүріпті. Бірде Жәмила көшеде келе жатып, жолдан 10 000 теңге тауып алады. Осы кезде оның миында, екі түрлі ойдың тартысы басталады.
(Сахнаға ақ киім киген екі қыз және қара түсті киім киген екі қыз шығады.)
1-ші Ақ Ой:
— Жәмила, ешқайда кетпей, осында тоса тұр. Ақшасын жоғалтқан адам қазір келеді.
1-ші Қара Ой:
— Жәмила, айналаңа қарашы? Ешкім жоқ! Ал да кете бер!...